Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша оқушылар арасында ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізу туралы тапсырмасына сәйкес, Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қазіргі қоғамның өзекті арнасына айналған қаржылық сауаттылық пен қаржылық қауіпсіздік мәселесі бойынша оқушылар арасында түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында 5-7 сыныптар арасында “Цифрлық гигиена”, 8-9 сыныптар арасында “Онлайн сатып алудағы алаяқтық”, 10-11 сыныптар арасында “ Дропперлер” тақырыбында сабақтар өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға цифрлық гигиена, жеке деректер, цифрлық қауіптер туралы анықтама беріле отырып, цифрлық гигиена ережелері таныстырылды. Сонымен бірге «күрделі құпия сөз жасаңыз», ережені тап»,»Цифрлық детектив»«егер не істеу керек?» ойындары арқылы жұмыстар жүргізіліп, интернетте балаларға қандай негізгі қауіптер бар екенін талқыланып, оқушыларға ситуациялық сұрақтар қойылып, термин сөздерге анықтама берілді және тақырыпқа байланысты бейнебаян көрсетілді. Толығырақ