Аталмыш тақырыпта бүгінгі күннің өзекті проблемасын қозғаған ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының №5 сабағы болып өтті. 1-4 сынып оқушыларының ата-аналары арасында өткен сабақтың негізгі проблемалық сұрағы.
«Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай еңсеруге болады?»
Ата-аналардың интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану, балалардың ойынға тәуелділігін жеңу дағдыларын дамыту мақсатында өткен жиналыстың міндеттері төмендегідей болды:
- балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігінің алдын-алу мәселелеріне қызығушылығын арттыру;
- ата-аналардың онлайн ойындардағы қауіпсіздік, балаларды интернет-алаяқтарды қауіп-қатерлерінен қорғау мәселелері туралы түсініктерін кеңейту.
- Балаларды компьютерлік ойынға тәуелділіктен қауіпсіз қорғау дағдыларын қалыптастыру.
Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі интернет желісі арқылы таралған құмар ойындар болып тұр. Алдымен азғырып, қомақты қаржыны қалтаңа салып, кейін қораға кіргізетін құмар ойынның кең таралғаны соншалық, бесіктегі балаға дейін одан хабардар. Бұған себеп – телефонның дұрыс қолданыста болмауы және оны ата-ананың қадағаламауы. Осы қасіреттің алдын-алу үшін өткен ата-аналар жиналысында компьютер ойындары, тәуелділіктің түрлері, интернет кеңістігіндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында түрлі тренингтер өткізіліп, ситуациялық сұрақтар қойылды. Сабаққа ата-аналар белсенді қатысып, құнды мәліметтер алды.