Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіз мектеп, ққауіпсіз орта қалыптастыру, оқушылар арасындағы құқықбұзушылық факторларының алдын алу мақсатында, Нұржау жалпы орта мектебі бойынша мектеп инспекторы Арайлым Жексенбаева оқушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында
- Мектептің ішкі және сыртқы тәртібі:
- Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстың алдын алу:
- Мектептен тыс және кешкі уақыттағы оқушылардың бос жүрмеуі сияқты мәселелер талқыланды.
Өз кезегінде мектеп инспекторы 11-15 қыркүйек аралығында аудан көлемінде «Жанұя және бала» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатырғаны туралы ақпарат беріп, құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде баяндамамен таныстырды.